Маңғыстау облысында жасөспірімді зорлаған ер адам 22 жылға сотталды

0
760

Сотталушының кінәсі куәгерлердің берген жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденді.


Маңғыстау облысында жасөспірімді зорлаған ер адам 22 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ер адам 22 жылға сотталды, деп жазады Stan.kz.


Соттың мәліметінше, айыпталушы 2023 жылдың тамыз-қараша айларында жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түскен. Сонымен қатар сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің берген жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденді.



Сот сотталушы П.-ны Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігінде (Зорлау), 121-бабының 4-бөлігінде (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сотталушыға педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 58-бабының 4-бөлігін (Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау) қолданып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады1, – делінген сот хабарламасында.