​«Маңғыстау – Тетис мұхитының бір бөлігі» бірегей деректі фильмінің түсірілімі аяқталуға жақын

0
430

Фильмнің негізгі кейіпкері – құдықшы, қарапайым адам.


​«Маңғыстау – Тетис мұхитының бір бөлігі» бірегей деректі фильмінің түсірілімі аяқталуға жақын

ERNUR.KZ. «Маңғыстау – Тетис мұхитының бір бөлігі» бірегей деректі фильмінің түсірілімі аяқталуға жақын. Бұл атау метафора ғана емес, кезінде Маңғыстау аумағында шын мәнінде грек құдайы Тетистің құрметіне аталған мұхит болған.

Деректі фильмде Маңғыстау аумағында орын алған табиғи өзгеріс пен геологиялық құрылысындағы өзгерістер жайлы айтылады, сондай-ақ бұрын және қазіргі таңда ауыз су көздерін іздеу мен өндіру жолдары көрсетіледі.

Фильмнің негізгі кейіпкері – құдықшы, қарапайым адам. Ол ата-бабасынан қалған су көзін табу құпиясы мен құрылыс тәсілін меңгерген, ал оның қазған құдықтарының тереңдігі 30-50-100 метрге дейін жетеді.

Фильмге түрлі саланың мамандары да түскен. Мұнда Аяш Көгешев өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Маңғыстаудан тұщы судың үлкен қойнауқатын тапқан. Осы жаңалықтың арқасында Қазақстанда мұнай өндіру қарқынды дами бастады. Мәдениеттанушы және танымал кітаптардың авторы Зира Наурызбаева қазақтардың суға қатысты құнтты әрі эзотерикалық тұсы бар мифологиялық көзқарастарын талдайды және өз пікірімен бөліседі. Ал танымал эколог Болат Есекинтұщы суға қатысты жаһандық мәселелерді көтереді және су ресурстарын ұтымды пайдалануға шақырады.

"Маңғыстау – Тетис мұхитының бір бөлігі" фильмі поэтикалық құжаттану жанрында түсірілген, фильмде көтерілген мәселелер ғаламшарымыздың болашағына тікелей байланысты. Деректі фильмді "Ардфильм" кинокомпаниясы Ұлттық киноны қолдау орталығының көмегімен түсірген.