Бұлардың да бірде-бірін істегің келмесе, жай ғана ештеңе ойламастан жат, отыр, тұр. Оның өзі – бір әрекет.
Әрқайсымыздың басымызда арман, мақсат, жоспар өзімізбен бірге өмір сүреді. Ойымызда өмір сүргенмен, шынайылықта – қолжетімсіз. Тек санаулыларға ғана өздігінен бұйыратын сәттері болады. Көпшілігіміз оларға қарай қадам баспасақ, не жете алмаймыз, не кете алмаймыз.
Ең қиыны да осы ғой – дұрыс әрі нақты қадамдар жасау. Кей күндері тіпті арманың қанша ғажап болса да, оған қарай аяқ басқың келмей қалады. Мақсат қандай биік болса да, қанатың қырқылып, ұшып барарыңа сенбей, салың суға кетеді. Бәріне кінәлі – енжарлық, ештеңеге зауқыңның болмауы. Бұдан қалай құтылуға болады?
Ән сал!
Күлкі,Күн сәулесі мен таза ауа секілді, ән айту да көңіл-күйді көтеріп, бізді жақсы сезінуге мәжбүр етеді. Ол эндорфиндердің ағзаға шығуын тудырады, бұл ауру мен стресспен күресуге көмектеседі.
Елестет!
Сәттілікті, жеңісті елестету – оған жетудің маңызды құралы. Қалағаныңа қалай жететініңді елестет. Бұл мақсатқа жақындататын қадамдарды көруге көмектеседі. Әрі белсенді әрекет етуге бағыттайды.
Мақсатыңды дұрыс жеткіз!
«Егер мен тұрмысқа шықсам (немесе үйленсем), ...», «Егер менің жалақымды көтерсе, ...» дегеннің орнына «Тұрмысқа шыққан (үйленген) кезімде ...», «Жалақымды көтерген кезде ...» деп айтқан жөн. Мұндай аффирмативті сөздер тек мүмкіндікті емес, қалаған нәрсеңнің нақты орындалуы әбден мүмкін екенін көруге көмектеседі,.
Жапсырмалар мен стикерлер қолдан!
Орындалуы оңай кішігірім жоспар құрып, оған жетудің жолдарын анықта. Мұны арнайы қағазға жазып, сызба, карта түрінде түсірген абзал. Сосын ол қадамдарды жасай отырып, көздеген мақсатыңа жет. Әр қадамды жеңген сайын жазбадағы тапсырманың тұсына көңілді стикер жапсыр. Бұл ешқандай әрекетсіз емес екеніңді, соңғы нәтижеге жақындап келе жатқаныңды көрсетеді.
Мақсаттар күнделігін жүргіз!
Карта жасау сияқты мақсаттарды жазу да жетістіктерді бақылауға және тапсырмаларға жауапкершілікпен қарауға көмектеседі.
Өзіңді шабыттандыратын дәйексөздермен қорша!
Қандай да бір шабыттандыратын нәрсені оқысаң не көрсең, сол орныңда қалып қою қиын. Тез орныңнан тұрып, бірден әекетке көшкің келеді. Сондықтан мотивацияға толы кітап, фильм, ән, дәйексөздер – ең жақсы қамшылаушы құрал. Олар арман-мақсаттарыңды еске салып, алға ұмтылуға күш береді.
Жаныңа қайсысы жағады, соны жаса. Ал бұлардың да бірде-бірін істегің келмесе, онда жай ғана ештеңе ойламастан жат, отыр, тұр. Оның өзі – бір әрекет. Дәл қазір қажеті сол екенін сезсең, кейінге қалдырма.
Аударған: А. МЕЙІРХАНҚЫЗЫ,