Маңғыстауда SMS-пен былапыт сөздер жазған азамат түрмеге қамалды

0
1 434

Үкім өз күшіне енді.


Маңғыстауда SMS-пен былапыт сөздер жазған азамат түрмеге қамалды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында танысына SMS-пен боқтық сөздер жазған ер адам екі тәулікке түрмеге қамалды, деп жазады nur.kz.

Бейнеу ауданының тұрғыны танысына балағат сөздер жазылған SMS хабарлама жолдағаны үшін жауапқа тартылды.

Ер адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434 бабы, бірінші тармағы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды.
Оған екі тәулікке түрмеге қамау әкімшілік жазасы тағайындалды.

Үкім өз күшіне енді.