Арман Дүйсеновтың өзі 2023 жылғы қаңтарда өмірден өткен.
ERNUR.KZ. 2023 жылдың басында өмірден өткен белгілі композитор, продюсер Арман Дүйсеновтың енді ұлы қайтыс болды, деп жазады ulysmedia.kz.
Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәлім етті.
“Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Қазақта "аталатсаң да, боталатпа" дейді. Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне құран бағыштадық деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге!", – деді журналист. инстаграм желісіндегі стористе.
Өнер иесінің ұлы неден көз жұмғаны хабарланған жоқ.
Арман Дүйсеновтың өзі 2023 жылғы қаңтарда өмірден өткен.