Мәжіліс депутаты: Түркістан облысы жастар үшін жаңа мүмкіндік екенін түсіну керек

0
2 537

Түркістан облысында туризмді, ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын, өнеркәсіп саласын дамыту үшін тың қадамдар іске асырылатынын жеткізді.


Мәжіліс депутаты: Түркістан облысы жастар үшін жаңа мүмкіндік екенін түсіну керек

ERNUR.KZ. Түркістан облысы жастар үшін жаңа мүмкіндік екенін түсіну керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең бастысы, Президент еліміздің өсімі мен дамуы жолында саяси шешім қабылдады. Қысқа мерзімде бізде үшінші мегаполис пайда болып жатыр. Бұдан бұрын бізде миллион тұрғыны бар Алматы қаласы ғана бар еді. Өткен уақыттың ішінде Астана, ал енді Шымкент бұл межені бағындырды. Түркістан облысы өсім үшін жаңа мүмкіндік. Атап айтқанда, жас буын үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады», - деп тоқталды Қ. Сұлтанов.

Осы орайда депутат Түркістан облысында туризмді, ауыл шаруашылығының барлық бағыттарын, өнеркәсіп саласын дамыту үшін тың қадамдар іске асырылатынын жеткізді. Қуаныш Сұлтановтың атап өтуінше, алдағы уақытта Мемлекет басшысының Жарлығы негізінде барлық қажетті нормативтік құжаттар қабылданатын болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының пайда болуына байланысты пікір білдірді. Сонымен қатар, Президент жаңа облыс орталығының құрылуына байланысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.