Мектеп директорлары көз жұмды: Ақтөбедегі жол апатына қатысты тың ақпарат шықты

0
680

​Жол апатынан аман қалған 45 жастағы екі мектеп директоры да басынан жарақат алған, сонымен қатар науқастардың бірнеше жері сынған.


Мектеп директорлары көз жұмды: Ақтөбедегі жол апатына қатысты тың ақпарат шықты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының Қобда-Ойыл тасжолындағы жол апатынан аман қалған мектеп директорларына қатысты ақпарат жарияланды, деп жазады sputniknews.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, жол талғамайтын көлікте төрт мектеп директоры отырған, екі әйел оқиға орнында қаза болды. Олар – №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаева мен №33 мектеп директоры Альмира Орақова. Тағы екі жолаушы - №25 мектеп директоры Шолпан Баяділова мен жаңа орта мектептің басшысы Ақгүл Қисықова жарақат алды. Екеуі де Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді.

"45 жастағы әйел басынан жарақат алып, миы зақымданған. Самай сүйегі, бұғанасы мен қабырғасы сынған. Жырылған жарасы бар. Екінші әйел де 45 жаста. Оның миы шайқалып, бұғанасы сынған. Оларды Ақтөбе қаласына ауыстыру жоспарланып отыр", - дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, 19 маусымда төрт директор Ойыл ауданының қасиетті жерлеріне демалуға барған. Үйге қайтарда жантүршігерлік жол апатына түскен.

Көлік Қобда-Ойыл тасжолының 156 шақырымында аударылған. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзып, рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жүргізушісі мен тағы бір жолаушы оқиға орнында жан тапсырды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.