Ол депутаттардың сайлаушылармен кездесуі кезінде азаматтар «Ақ жол» фракциясының депутаттарына жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты бірқатар проблемамен жүгінгенін айтты.
ERNUR.KZ. Мектеп жасындағы барлық балаға материалдық жағдайына қарамастан тегін тамақ енгізу қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп жазады baq.kz.
Ол депутаттардың сайлаушылармен кездесуі кезінде азаматтар «Ақ жол» фракциясының депутаттарына жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге қатысты бірқатар проблемамен жүгінгенін айтты.
Биылдың басынан бастап негізгі азық-түлік бағасының нақты өсуіне қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына балаларды тамақтандырудың есептік сомасын 30-45%-ға азайту және есептік 12 000-15 000 теңге орнына 8 000 теңге деп бекіту ұсынылды. Сонымен қатар әкімдіктер бюджетте субсидиялауға арналған шығыстар көзделмегенін растай отырып, әдепкі бойынша көрсетілген 30-45% айырманы кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызады. Бұл мектепке дейінгі ұйымдардың СанЕжН бойынша тамақтану нормативтерінің талаптарын қатаң сақтаған жағдайда мүмкін, - деп айтты депутат Мақсат Раманқұлов.
Депутат келтірген мәлімет бойынша балабақшалардың тәжірибелі әдіскерлері мен мұғалімдерінің пікірінше, баланың дамып келе жатқан денесі күн сайын СанЕжН-мен есептелген және бекітілген калория мөлшерін қажет етеді. Мұнсыз баланың денесі дамымайды және физикалық тұрғыдан күнделікті оқу бағдарламасын игере алмайды.
Биыл негізгі азық-түлік бағасының одан әрі бақылаусыз өсуі мүмкін екенін ескере отырып, қазірдің өзінде жеке меншік ұйымдар ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар жергілікті органдар бекіткен, әдейі төмендетілген сомаға балаларды толық тамақпен қамтамасыз ете алмайтыны анық. Шенеуніктердің білімсіздігінің есебінен туындаған жағдайда ең көп зардап шегетін – балалар, - дейді мәжілісмен өзінің депутаттық сауалында.
Раманқұлов мектеп жасындағы балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып отырғанына да тоқтала кетті.
Бүгінгі таңда тегін тамақ аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға ғана беріледі, бұл теңсіздік пен кемсітушілік жағдайын тудырады. Мектеп жасындағы барлық балаға материалдық жағдайына қарамастан тегін тамақ енгізу қажет. Елдің тағдыры олардың тамақтануына, сондай-ақ олардың моральдық жағдайына байланысты болады, - деп түсіндірді ол Мәжілісте.
Осыған қатысты депутаттар балабақшалардағы тамақтану үшін ата-ананың ақы төлеу сомасының бір бөлігін субсидиялау арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды қалыпты тамақпен қамтамасыз ету проблемасын шешу мүмкіндігін қарауды және оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды ұсынды.
«Ақ жол» фракциясы депутаттары сауалдарын Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдады.