Мемлекет басшысы 1 қыркүйекке дейін жеткізілген көліктер бойынша маңызды тапсырма берді

0
532

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.


Мемлекет басшысы 1 қыркүйекке дейін жеткізілген көліктер бойынша маңызды тапсырма берді

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге заңсыз көлік жеткізушілерге қарсы шараларды күшейтуді тапсырды, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

"Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арнасына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік "рәсімнен" өткен автокөліктерге қатысты болуы керек", - деді Президент.