Сот актісі заңды күшіне енді.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында прокуратурасы коммуналдық мүлікті заңсыз сату фактісі анықталды, деп жазады sputnik.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2008 жылы Талас ауданында "Игілік" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай, осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатты. Бірақ базаның бағалау құны 30 млн теңге болған. 2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге салып қойған.
"2023 жылы осы факт бойынша жылы Талас ауданының прокуратурасы ҚК 362-бабының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Қылмыстық іс ескіру мерзімі өтуіне байланысты тоқтатылды", - дейді прокурорлар.
Алайда прокурорлық қадағалау актісі негізінде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды. 2024 жылы мамыр айында апелляциялық саты бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Сот актісі заңды күшіне енді. Мүлік мемлекетке толығымен қайтарылды.