Мемлекеттік хатшы қазақ тарихын ағылшынша жазуға тез арада кірісу қажет екенін айтты

0
1 414

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы қазақ хандарының библиогафиялық деректерінің жазылуы да маңызды екенін атап өтті.


Мемлекеттік хатшы қазақ тарихын ағылшынша жазуға тез арада кірісу қажет екенін айтты

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев профессор Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты, деп жазады baq.kz.

Қазақ тарихының ағылшын тіліндегі оқулықтарын жазуға аса мән беру керек тәрізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жөнінде арнайы айтқан болатын. Осыған байланысты редакция алқасын құрып, жұмыс топтарын жасақтап, нақты мерзім белгілеп, қаржылау тетіктерін белгілеп, тез арада іске кірісуіміз қажет. Сондай-ақ қазақ тарихын жазуда башқұрт, татар сияқты ағайындас елдердің тарихын терең зерделеу, тарихи оқиғалары мен тұлғаларына қатысты деректерді ортақ айналымға енгізу керек, - деді ол.

Көшербаев Сібір хандығы, Көшім хан сынды тарихи тұлғаларға қатысты ортақ деректер базасы жасалуы керегін айтты.

Жошы ұлысы, Ұлық ұлыс, Алтын орда тарихына қатысты ірі жұмыстарды айналамызда ұлттық жүйе жүргізіп те жатыр. Қазақ хандығының құрылуының жаңа мемлекет іргетасының қалаушыларының Моғолстандағы Шайбани әулетінен бөлек шығуымен ғана байланыстыру аздық етеді, - деді ол.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы қазақ хандарының библиогафиялық деректерінің жазылуы да маңызды екенін атап өтті.

Мысалы, Түркия архивтерінен қазақ тарихына қатысты мәліметтерді іздеу қажет, - деді Қырымбек Көшербаев.