#Менояндым: Министр Абаев қандай елде оянғанын айтты

0
1 271

Желіде жастардың өздерін алаңдатқан мәселелерін айтқан #Менояндым хештегімен видео таралған.


#Менояндым: Министр Абаев қандай елде оянғанын айтты

ERNUR.KZ. Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев желіде тараған #Менояндым видеосына қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар ведомство басшысы өзінің қандай елде оянғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Бұған дейін желіде жастардың өздерін алаңдатқан мәселелерін айтқан видеосы жарияланып, кең таралып кеткен еді. Видеороликтер #Менояндым хештегімен тараған.

Өз кезегінде Дәурен Абаев видеоға қатысты пікір білдіріп, мұндай сауалдар туындаса, жауап берілуі тиіс екенін айтты.

«Не айтуға болады? Бір жағынан, көруге тұрарлық. Екінші жағынан, мұндай сауалдар туындаса, жауап беру керек», - дейді Абаев.

Сонымен қатар Абаев видеода жастар айтқан проблемаларды «бұлар проблема емес» деп атады.

«Жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Себебі олардың сөзінің дені пікірталасқа сұранып тұр. Менің пікірімше, егер оларға жақсылап айтып, түсіндірсе, түсінеді деп ойлаймын», - дейді министр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы журналистің «Сіз қандай елде ояндыңыз?» деген сұрағына жауап берді. Тұрақты, дамыған Қазақстанда, дейді ол.