26 мамырда жазғы мектеп өз жұмысын бастайды.
ERNUR.KZ. Қазақстандық мектептер мен колледждердегі оқу жылы әдеттегідей – 2022 жылдың 25 мамырда аяқталады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тиісті жарлыққа қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
26 мамырдан 17 маусымға дейін жазғы мектеп ұйымдастырылады. Ал қорытынды емтихандар алдын ала бекітілген кесте бойынша өтеді.
Демалыс 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады, деп жазады министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 29 сәуірде негізгі ҰБТ-ға өтінімдер қабылдау басталды. Ол 2022 жылдың 14 мамырына дейін жалғасады.