Мүмкіндігі шектеулі адамдар басшылық лауазымдарға тағайындалады

0
938

Министр мүгедектігі бар білікті мамандар департамент басшысы, басқарма басшысы секілді қызметтерге тағайындалатынын атап өтті.


Мүмкіндігі шектеулі адамдар басшылық лауазымдарға тағайындалады

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бойынша енгізілген өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды ktk.kz.

«Жаңа жылдан бастап барлық жерде мүмкіндігі шектеулі жандарды мемлекеттік органдарға жұмысқа орналастыруды бастаймыз. Осы орайда, оларды басшылық лауазымдарға тағайындалуына екпін қойылады», - деді министрі Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Министр мүгедектігі бар білікті мамандар департамент басшысы, басқарма басшысы секілді қызметтерге тағайындалатынын атап өтті.

«Атап айтқанда, бұрын құрылыста жұмыс істеген мүмкіндігі шектеулі адамдар бар, яғни оның жинаған тәжірибесі мен біліктілігін пайдалану керек. Сондықтан осы азаматтар құрылыс саласындағы тиісті ведомствода басшылық лауазымдарды атқара алады. Біз ел азаматтарын экономикалық белсенділікке тарту бойынша мұндай кешенді шараларды ұсынудамыз», - деді Б. Нұрымбетов.