Бір күнде 50-ден астам турист шығуда.
1000-ға жуық адам Түркістанға тегін саяхаттады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкенттен тегін автобуспен Түркістанға саяхаттаушылардың саны артты. Бір күнде 50-ден астам турист Түркістан облысының киелі мекендерін тегін аралауға шығуда. Шара екі айға жоспарланған. Бүгінге дейін бұл мүмкіндікті 1000-ға жуық адам пайдаланып, Түркістан өңіріне тегін саяхаттай алды.
Kazakh tourism ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен тегін туристік автобус әр сенбі-жексенбі сайын Шымкент қаласынан, ал Сарыағаштан сенбі күні шығады.
Ең алдымен туристер Отырар төбе мен Арыстан баб кесенесіне барады, сосын Түркістан шаһарымен танысады. Түркістан мен тарихи мекендерді тегін аралауға мүмкіндік алған туристер дән риза. Тегін саяхатты естігендер Түркістанға баруға қызығушылық танытуда.
Түркістан қаласы – Қазақстанның тарихи туризмінің таптырмас ордасы. Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты – көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған. Туристерге толықтай сапалы қызмет көрсете алатын орындары баршылық.
Түркістан облысының аумағында 1770 тарихи-мәдени ескерткіштер орналасқан. Оның ішінде, бірегейі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра объектісі –Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Кесене XIV ғасырда тұрғызылып, 600 жылдан астам уақыт бойы сақталып тұр. Кесене Орта Азиядағы ортағасырлық ең биік ерекше сәулеттік туынды. Өз кезегінде, Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалашығы - Орта Азияның танымал ескі тарихи орындары.
Тур бағдарламасы:
09:00 – Shymkent Grand Hotel қонақ үйінің тұрағында (Шымкент қаласы) жиналу, автобуспен жолға шығу
11:30-13:30 – Арыстан баб кесенесі мен көне Отырар қалашығын аралау
13:30 – Арыстан баб кесенесі мен көне Отырар қалашығынан шығу
15:00 – Visit Turkistan орталығының автотұрағына (Түркістан қаласы) келу
19:00 – Visit Turkistan орталығының автотұрағында (Түркістан қаласы) жиналу, Шымкентке жолға шығу
22:00 – Шымкент қаласына келу