Несиелік жеңілдік жасау акциясы аяқталды

0
1 088

Науқан Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен маусым айында басталған еді.


Несиелік жеңілдік жасау акциясы аяқталды

ERNUR.KZ. Несиелік жеңілдік жасау акциясы аяқталды. Оған ілінбей қалғандарға енді Үкімет тарапынан қайта қолдау көрсетілмейді, деп жазады Atameken Business.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бір реттік көмек шарасы ресми 1 қыркүйекте ресми аяқталғанымен, ведомство соңғы екі ай ішінде түрлі құжаттық кедергілермен тізімге ілінбей қалғандардан тағы өтініш қабылдап шыққанын айтады. Нәтижесінде, қосымша 9,4 млрд теңгеге 57 мың азаматқа көмек көрсетіліпті. Бірақ қазір оған да ілікпей қалғандардың бар екені анықталып жатыр. Министр енді қолдан келетін шара жоқ екенін айтады.

«Бұл бір мезгілдік акция. Жоқ па жоқ. Бітті. Акция бітті. Егер құжаты расталмаған болса, туыстық қатынастары ресми түрде расталмаған болса, оған ештеңе жасай алмаймыз. 2 ай бойы осыны реттеуге тырысты»,– дейді Біржан Нұрымбетов.

Еске салсақ, несиелік жеңілдік жасау науқыны Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен маусым айында басталған. Оған сәйкес, 1 қыркүйекке дейін елдегі 7 әлеуметтік санатқа кіретін 500 мың азаматтың банктегі 300 мың теңгеге дейінгі борышы бюджет есебінен өтілеуі тиіс болған. Соңғы қорытынды бойынша 507 мың адамның қарызы кешірілген. Оған Үкіметтің резервінен 105 млрд теңге бөлінді. Кейін тізімді қайта анықтау науқаны 1 қарашаға дейін жалғастырылды.