Нұр-Сұлтанда карантинге алынған көпқабатты үйдің балконынан өрт шықты

0
1 034

35 адам эвакуацияланды, олардың 15-і - балалар.


Нұр-Сұлтанда карантинге алынған көпқабатты үйдің балконынан өрт шықты

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда карантинге алынған көпқабатты тұрғын үйдің балконынан өрт шықты, - деп жазады тengrinews.kz.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуірде сағат 08.01-же өртке қарсы қызметке Мұстафин көшесінде орналасқан тоғыз қабатты үйден өрт шыққан туралы хабарлама келіп түскен.

"Өртсөндірушілер оқиға орнына барған кезде екніші қабаттағы пәтердің балконында тұрған заттар өртеіп жатқан. 35 адам эвакуацияланды, олардың 15-і - балалар. Өрттің аумағы - 5 шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Еске салайық, бүгінде Нұр-Сұлтанда Рысқұлбеков-Мүсірепов-Абылайхан даңғылы, Құдайбердіұлы даңғылы бойында орналасқан тұрғын үйлер карантинге алынды.