Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сай – ОСК

0
556

ІІМ мәліметінше, Әуесбаев тумысынан Қазақстан азаматы, соңғы 65 жыл Қазақстанда тұрады.


Нұрлан Әуесбаев президенттікке кандидатқа қойылатын талаптарға сай – ОСК

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұрлан Әуесбаевтың талаптарға сәйкес келетінін анықтады, деп жазады sputnik.kz.

ОСК мүшесі Сабила Мұстафинаның айтуынша, Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев Конституция мен "Сайлау туралы" Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
ІІМ мәліметінше, Әуесбаев тумысынан Қазақстан азаматы, соңғы 65 жыл Қазақстанда тұрады.
Жоғары білімі бар.
Мемлекеттік тілді еркін меңгерген.
Мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі 10 жыл 8 айды құрайды.
Ал кандидатты ұсынған ЖСДП-ның әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаты бар.
Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сәйкес, Нұрлан Әуесбаевқа қатысты Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.
Еске салсақ, кезектен тыс президент сайлауы биыл 20 қарашада өтеді.