Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалды

0
882

Атырау облысының әкімі қызметінде болған.


Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалды

Нұрлан Ноғаев ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын", делінген Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта.

Бұған дейін Нұрлан Ноғаевтың кандидатурасы ҚР Парламент Мәжілісінде Экология және табиғатты пайдалану комитетінің бүгінгі отырысында келісілген болатын.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы 1967 жылы Қазақ КСР, Ақтөбе облысы, Октябрьск қаласында дүниеге келген. И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.

Орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.

1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.

1996-2006 ж.ж - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор.

2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - Батыс Қазақстан облысыәкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2016 жылғы 26 наурыздан - Атырау облысының әкімі.