Елбасы дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияның Анталия қаласына ұшып барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл жайында Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлім етті.
«Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталияға ұшып келді», деп жазды Айдос Үкібай.
Оның айтуынша, Анталия дипломатия форумы - ғаламдық және аймақтық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын дискуссия алаңы.
Биылғы форум «Дипломатияны қайта кодтау» тақырыбында өтеді.