Зардап шеккен жұмысшы ауруханада жатыр.
Павлодарда жұмыс орнында ер адамды күйік шалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп жазады Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 шілде күні сағат 13:45-те ЖШС аумағында резервуарды дәнекерлеу жұмыстары кезінде жанар-жағармайдың қалдығы тұтанған.
Салдарынан 51 жастағы жұмысшыны күйік шалды. Ер адам ауруханаға жатқызылды.