Оралда анасы балағат сөздер айтып, өзін қорлағаны үшін қызын сотқа берді

0
374

Оқиға барысында екеуі де үйде болған.


Оралда анасы балағат сөздер айтып, өзін қорлағаны үшін қызын сотқа берді

ERNUR.KZ. Оралда анасы өзіне қорлайтын, балағат сөздер айтқаны үшін қызын сотқа берді, деа жазады Stan.kz.



Оқиға барысында екеуі де үйде болған. Қызы, өз анасына құрметсіздік танытып, оған қарсы қорлайтын балағат сөздер айтқан. Ал анасы қызының үстінен арыз жазған.

Кейін сотталушы өз кінәсін мойындап, соттан анасымен татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

“Жәбірленуші хаттамада айтылғандарды растады. Оны полицейлер арыздағ негізден қарады. Әйел қызын кешіріп, одан енді мұндай оқиғалардың қайталанбайтынына уәде алған”, – делінген хабарламада.



Олар татуласқандықтан сот тараптар арасындағы бейбіт келісімді мақұлдады. Іс жабылып, анасын қорлаған қызы жауапкершіліктен босатылды. Қаулы заңды күшіне енді.