Оралда жасөспірім көпірден секіріп, мерт болды

0
2 465

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.


Оралда жасөспірім көпірден секіріп, мерт болды

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Оралда белгісіз жас жігіт Деркүл аймағындағы көпірден секіріп, көз жұмды. Полиция қайтыс болған адамның жеке басын анықтап жатыр, деп жазады Stan.kz.

Оқиға туралы ақпаратты облыстың денсаулық сақтау басқармасы растады.


"4 наурызда таңғы жетіде Деркүл ауылындағы көпірдің астынан ер адамның денесі табылды. Оның жасы шамамен 17-де", - деп атап өтті БҚО денсаулық сақтау басқармасы.


Полиция қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті.


"Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Суицидке апару" бойынша жүргізіледі. Қазір тәртіп сақшылары ер адамның кім екенін анықтап жатыр", - деді полиция департаменті.