Қардың көп жауғаны сонша, электр желілерін зақымдап, 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды.
ERNUR.KZ. Кеше Оралда алғашқы қар жауды, деп жазады baq.kz.
Қардың көп жауғаны сонша, электр желілерін зақымдап, 6300-ден аса тұрғын жарықсыз қалды.
Жолда көлік қозғалысы да қиындады. Ұйытқыған жел мен толассыз жауған қар жарық тарату желісіне әсер етіп, апатты жағдай тіркелген.
Қалада диспетчерлік қызметтің 10 бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал коммуналдық қызмет жолдарды қардан тазалап үлгерер емес.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, 300-ге жуық адам мен 182 техника осы жұмысқа тартылған.