Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты

0
872

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды.


Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты

4 мамыр күні ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі ҚР Президентінің 2020 жылғы 2 мамырдағы «Д.Н.Назарбаева туралы» № 315 Жарлығы негізінде ҚР Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 24-бабының 5-інші және 9-тармақтарына сәйкес тоқтатылды», - делінген Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.

Еске салайық, 2 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының өкілеттігі тоқтатылды. Президент Д. Назарбаеваға Сенат Төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін алғыс білдірген болатын.