ОСК 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарды

0
461

Қаражат үнемі өткізілген мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің нақты жұмысқа шығу күндерінің есебінен қалыптасты.


ОСК 1,6 млрд теңгені бюджетке қайтарды

ERNUR.KZ. Орталық сайлау комиссиясы республикалық референдумды өткізуге бөлінген 16,5 млрд теңгеден 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарды, деп жазады baq.kz.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумды өткізуге бөлінген 16,5 млрд теңгеден 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарды, - делінген ОСК таратқан хабарламада.

Қаражат үнемі өткізілген мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің нақты жұмысқа шығу күндерінің есебінен қалыптасты.

Бүгінгі өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумды өткізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 309 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» тиісті қаулы қабылданды, - делінген хабарламада.