Тағы 254 науқастың жағдайы ауыр екені хабарланды.
Қазақстанда өткен тәулікте ковид пен коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның ішінде жетеуі коронавирустан, екеуі пневмониядан көз жұмды.
9 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 758 адам короновирус инфекциясынан (13 812 КВИ+ және 4 946 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 638 пациент стационарда, 14 120 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індеткен шалдыққандардың арасында:
254 адамның жағдайы ауыр;
54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
40 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.