Кәсіпкер сапасыз картопты жәрмеңкеде сатып алынған көлемде ауыстыруға дайын.
ERNUR.KZ. Павлодарда облыстық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік, сауда басқармалары шіріген картоп үшін кешірім сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.
Instagram желісіндегі @zhaloby_pavlodar парақшасында облыс орталығында тұратын әйел сенбіде өткен жәрмеңкеде 6 қап шіріген картоп сатып алғанын жазған.
"Ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде 6 қап картоп сатып алдым. Үйге келген соң алған картобымның шірік екенін көріп, жағамды ұстады. Маған дейін бұл картопты сатып салған ата-әжелердің жағдайын ойлап, өзімді жайсыз сезіндім. Өте өкінішті", - дейді тұрғын.
Павлодар облысы әкімдігіне қарасты ауыл шаруашылығы әрі кәсіпкерлік және сауда басқармалары бұл дерекке қатысты тексеріс жүргізілгенін атап өтті.
Басқармалардың мәліметінше, бұл оқиға 17 қазанда Павлодардағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде болған. Онда тек жергілікті фермерлер ғана емес, Ақсу мен Павлодардың жеке кәсіпкерлері де өз өнімдерін сатқан.
"Бұл оқиғада Ақсу кәсіпкерінің кінәлі екені анықталды. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерін сатып алған тұрғындардан кешірім сұраймыз. Кәсіпкер сапасыз картопты жәрмеңкеде сатып алынған көлемде ауыстыруға дайын", - дейді басқарма қызметкерлері.