Павлодар қаласының экс-әкімі 3,6 жылға сотталды

0
2 305

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.


Павлодар қаласының экс-әкімі 3,6 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Баянауыл аудандық сотында қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған Баянауыл ауданының бұрынғы әкіміне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Azattyq Rýhy.

Оразгелді Қайыргелдинов 2016-2019 жылдар аралығында Баянауыл ауданының әкімі болған тұста кәдеге жарамсыз аэродромды Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне облыс қаражаты есебінен 240 миллион теңгеге сатып алып, жемқорлыққа жол берген деген күдікке ілінді. Кейін құрылыстың стандартқа сай жүргізілмегені анықталып, шағын әуежай жарамсыз деп танылды. Оразгелді Қайыргелдинов айыбын мойындады.

«Қылмыстық кодекстің 361 -бабы, 4-бөлігі, 3-тармағының санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Кінәсін мойындауын, сотталушының жасын (63 жас) және тараптардың пікірін ескере отырып, сот Қ-ға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеуді тағайындады. Айыпталушыны өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқынан айырды», - делінген Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 5 қарашасында Павлодар қаласының экс-әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалғаны хабарланды.