Павлодар облысында ата-анасын қорлаған ауыл тұрғыны жауапқа тартылды

0
2 396

Успен ауылының тұрғыны өзінің 35 жастағы ұлының мінез-құлқына шағымданған.


Павлодар облысында ата-анасын қорлаған ауыл тұрғыны жауапқа тартылды
ERNUR.KZ. Павлодар облысы Успен ауданында ата-анасына тіл тигізген ауыл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Polisia.kz.
“Тұрмыс” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылық фактісін анықтаған.

«Аулаларды аралау кезінде Успен ауылының тұрғыны полицейге өзінің 35 жастағы ұлының мінез-құлқына шағымданды, ол оны қорлап, оған қатысты балағат сөздер айтқан», – деді Павлодар облысы Успен ауданының полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әсет Садықов.

Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері 35 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырды, сондай-ақ құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін оны ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.