Павлодар облысында сотталған медицина қызметкерлері COVID-19-бен күресуге көмектеседі

0
736

Бүгінгі таңда екі адам ресми түрде жұмысқа орналасқан.


Павлодар облысында сотталған медицина қызметкерлері COVID-19-бен күресуге көмектеседі

ERNUR.KZ. Павлодар облысында шартты жаза мерзімін алған дәрігерлер коронавирусқа қарсы күреске тартылады, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы өңірдің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, облыстық пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар науқастарды күту үшін стационарлар мен госпитальдарға орналастырылады.

Бүгінгі таңда екі адам ресми түрде жұмысқа орналасты. Олардың бірі - 31 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны Светлана, бір жарым жылдық шартты мерзімін өтеп жатыр. Пробация қызметіне есепке қойғаннан кейін әйел Павлодар ауданының жұмыспен қамту орталығына жолдама алды. Сотталғанға дейін Павлодардағы ауруханалардың бірінде жұмыс істеді. Ол ауылдық госпитальда жұмыс істеуді ұсынғанда ойланбай келісіпті.


"Шамамен бір аптадан бері стационарда жұмыс істеп, науқастарға қарап жүрмін. Бұрын мен облыстық ауруханада санитар қызметкер болып істедім, жұмыс кезінде дәрі егуді, система қоюды үйрендім. Бірақ адамдарға көмектесу үшін көңіл керек деп ойлаймын. Пациенттердің алғыс білдіргене өте жағымды", - дейді сотталған әйел.


Әйелдің айтуынша, ол медициналық колледжге құжат тапсырған.


"Әңгіме барысында Светлана медициналық мекемеде жұмыс тәжірибесі бар екенін, осыған байланысты ауруханаға жұмысқа орналасқанын айтты. Қазір ол жұмыс істейді, жалақы алады және қоғамға пайда әкеледі. Ал, ең бастысы, оның жұмысы оған ұнайды. Аурухана басшылығының айтуынша, оған ешқандай шағым жоқ, ол өте тәртіпті қызметкер", - дейді пробация қызметінің аға инспекторы Сағина Айтбаева.


47 жастағы павлодарлық Марат болса медициналық колледжді бітірген, кәсіби тәжірибесі де бар. Сот үкіміне дейін ол облыстық психоневрологиялық диспансерде медаға болып жұмыс істеген. Оның кезекшілігі кезінде бір науқас қысылып қалған, нәтижесін науқас жарақат алып, ол үшін Мараттың жауап беруіне тура келген. Ер адамды пациенттің денсаулығына зиян келтіргені үшін кінәлі деп тауып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Қазір Марат Павлодар ауруханаларының бірінде әріптестеріне көмектесіп жатыр.


"Сотталғандар арасында стационарларда медбике, санитар ретінде жұмыс істегісі келетіндер бар, медициналық білімі бар және коронавируспен күресуге көмектесуге дайын адамдар бар.Бірақ жұмысқа орналасу үшін медициналық комиссиядан өтіп, қажетті құжаттарды жинау керек. Мұның бәрі уақытты қажет етеді. Әзірге ресми түрде екі жұмыс істейді, қалғандары рәсімдеу барысында", - деп атап өтті Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлжан Әбдуғалиева.