Павлодар облысының тас жолында жеңіл көлік пен трактор соқтығысты, салдарынан жүргізуші мен төрт жолаушы мерт болды.
ERNUR.KZ. Павлодар облысында жеңіл автокөлік трактор тіркемесімен соқтығысып, бес адам қаза тапты, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Трагедия 3 қазан сағат 21.10-да Ақтоғай ауданы Ақтоғай-Шолақсор автожолының 63-ші шақырымында болды.
ВАЗ-21041 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі МТЗ тракторының тіркемесімен соқтығысқан. Трактордың рөлінде 47 жастағы жүргізуші отырған.
Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен салондағы төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тексеріс жүріп жатыр.