Павлодар тұрғыны түнде көршісінен тұз сұраймын деп айыппұл төледі

0
657

Түнгі тыныштықты бұзғаны үшін тұз іздеуші ҚР ӘҚБК 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Павлодар тұрғыны түнде көршісінен тұз сұраймын деп айыппұл төледі

ERNUR.KZ. Павлодар тұрғыны түн ортасында көршілерінен тұз сұрау үшін барып, айыппұл алды, деп жазады Tengrinews.kz.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті тұрғындардың бірі күтпеген қонақтың түнде келгеніне шағымданған.

"Қорыққан әйел полицияға қоңырау шалып, бөтен адам үйіне кіріп келе жатқанын айтты. Учаскелік полиция инспекторы 23.21-де ер адам көршілерін бір шымшым тұз сұрау үшін оятқанын анықтады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Түнгі тыныштықты бұзғаны үшін тұз іздеуші ҚР ӘҚБК 437-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Ер адамға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осындай жазаны түн ортасына дейін көршілерінің шу шығармау туралы өтініштерін елемей, пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізген 45 жастағы қала тұрғыны да алды. Ер адам өз іс-әрекетін жұмыстан кеш келетінін айтып түсіндірді.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың басынан бері Павлодар облысында 3320 тәртіп бұзушы әкімшілік тәртіпте жазаланды.