Павлодарда маса мен шіркейдің көптігінен үй құстары қырылып қалды

0
939

Бұл мақсатқа биыл облыс қазынасынан 602 млн теңге бөлінген.


Павлодарда маса мен шіркейдің көптігінен үй құстары қырылып қалды

Павлодарда маса мен шіркейдің көптігінен үй құстары қырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Қала іргесіндегі Павлодар ауылында қаздар бен 100-ге жуық балапан өлген. Тұрғындар қансорғыш жәндіктер құстардың тұмсығы арқылы кіріп, олардың демалуына кедергі жасаған деп болжайды. Қазір мамандар қырылып қалған қанаттыларды санауға кірісті.

"Бір күнде 5 қаз бен 100-ге жуық балапан өліп қалды. Енді менде 5 қаз ғана қалды. Отбасымыздың жалғыз табыс көзі еді. 4 баламды қаз бағып, асырап отырмын. Енді қалай күн көрерімді білмеймін. Бәрінен де құстарымның өлгені жаныма батып отыр. Енді қаздар мен балапандардың ақысын кім маған төлеп береді", - дейді Павлодар аулының тұрғыны Александра БОРИСЕНКО.

Масаларға улау жұмыстарын жүргіздік – деді әкім-қаралар. Нәтижесі осы болғаны ма? Күні кеше павлодарлықтардың шыбын-шіркейден жапа шегіп отырғанын көрсеткен болатынбыз.

Масаға таланған тұрғындар аяқ-қолын суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жаппай жүктп жатыр. Тіпті, арнайы челлендж бастағандар да болды. Мақсат мәселеге жергілікті биліктің наразын аудару. Атқамінерлер болса, у-лау жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айтып ақталды. Бұл мақсатқа биыл облыс қазынасынан 602 млн теңге бөлінгенін де жасырмады.