Павлодарда өртеніп кеткен мектептің оқушылары оффлайн оқуға оралды

0
514

​Мектебі өртеніп, онлайн оқып жатқан павлодарлық №28 мектептің оқушылары қайтадан оффлайнға оралды.


Павлодарда өртеніп кеткен мектептің оқушылары оффлайн оқуға оралды

ERNUR.KZ. Павлодарда өрт болған мектептің оқушылары оффлайн оқи бастады. Оқушылар қаладағы екі мектепке бөлінді, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Өткен аптада №28 ЖОББМ оқушылары үшін сабақтар онлайн өткізілді. Тек бүгіннен бастап бастауыш буындағы 557 оқушы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде оффлайн режимде оқиды. Қалған 5-11-сыныптардың 529 оқушысы №35 жалпы орта білім беру мектебіне барады. Барлық сабақтар кесте бойынша өткізіледі. Жағдай бақылауға алынған.Өртенген мектеп директоры Гүлмира Мантықова

Оның айтуынша, екі мектепте де жаңадан келген балаларға тамақтану ұйымдастырылған. Өрт болған мектепте жөндеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, №28 мектептің 200 шаршы метр аумағы өртеніп кетті. Мектептен 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.