Павлодарда такса иті 5 жасар баланы қауып алды

0
562

Иттің иесіне айыппұл салынды.


Павлодарда такса иті 5 жасар баланы қауып алды

ERNUR.KZ. Павлодарда такса иті 5 жасар баланы тістеп алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 2 мамырда Павлодар қаласының Сейфуллин көшесінде болған. 5 жасар бала анасымен бірге аулаға шығып, серуендеген. Жақын жерде басқа балалар өздерінің такса тұқымды итімен ойнап жүрген. Сол кезде бала итке жақындағанда, ит оны тістеп алған. Баланың анасы дереу жедел жәрдем шақырып, бұл факті туралы дереу полицияға хабарлады.

"Осы факті бойынша оқиғаға әкеп соққан үй жануарларын қарғыбаусыз және ересектердің қарауынсыз серуендетуге жол берген иттің иесі ҚР ӘҚБК 407-2-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 10 АЕК айыппұл салынды", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысында иттерді серуендету ережелерін бұзғаны үшін 32 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.