Павлодарда төрт айлық сәбиді машина қағып кетті (видео)

0
565

Баламен бірге 75 жасар әйел де зардап шекті.


Павлодарда төрт айлық сәбиді машина қағып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Павлодарда төрт айлық сәбиді машина қағып кетті, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік Денсаулық сақтау басқармасында хабарлады.
"Төрт айлық қыз баланың миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымы келген. Бала облыстық ауруханаға жеткізілді", - делінеді хабарламада.
Баламен бірге зардап шеккен 75 жасар әйелдің кеуде қуысы, жамбас сүйегі зақымданып, оң тізесінің гематомасы тіркелді. Ол амбулаторлық жағдайда ем алуда.