Күдіктілер қамауға алынды.
ERNUR.KZ. Павлодарда ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің Алматы облысының аумағында жасалған 116 млн теңге ұрлығына қатысты екені анықталды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Жақында Павлодар қаласында жалпы сомасы 600 мың теңге болатын ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған қылмыстық топтың екі мүшесінің Алматы облысында да болған осындай ұрлыққа қатысы бары анықталды. Тергеу барысында анықталғандай, ер адамдардың үйге еніп, онда гауһар тастары бар қымбат бағалы зергерлік бұйымдар мен жалпы сомасы 116 миллион теңге ақша ұрланған», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Полиция қызметкерлері аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ұсталғандар қамауда.