Павлодарлық ғалымдар «Қалмақ қырылған» шайқасын зерттеуде

0
1 394

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты.


Павлодарлық ғалымдар «Қалмақ қырылған» шайқасын зерттеуде

ERNUR.KZ. Павлодарда С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің ғалымдары «Қалмақ қырылған» кітабын дайындап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Омбы қаласының мемлекеттік мұрағатынан табылған карта мен археологиялық зерттеулер негізінде павлодарлық ғалымдар «Қалмақ қырылған» шайқасының орны мен 1741 жылы наурыз-сәуір айларында болғандығы дәлелдеп отыр», - деді облыс басшысы.

Кітапқа археологиялық зерттеулер, Қазақ хандығының қалмақтармен әлеуметтік-саяси қарым-қатынастарына қатысты деректер, сондай-ақ осы тарихи орынға байланысты аңыздар кірмек.

Сонымен қатар облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Ertis тарихы» мұражай кешені салынуда.