Павлодарлық өнерпаз ым-ишарамен ән айтудан 1-орын алды

0
624

КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған шараға қатысуға Қазақстанның 18 өңірінен 18 жастан 35 жасқа дейінгі 39 қатысушы өтінім берді.


Павлодарлық өнерпаз ым-ишарамен ән айтудан 1-орын алды

ERNUR.KZ. Семей қаласында алғаш рет "Әнші қолдар әлемі" атты ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар арасындағы Х республикалық ым-ишара ән байқауы өтті, деп жазады sputnik.kz.

Мақсаты - мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы талантты өнерпаздардың шығармашылығына қолдау білдіру.
КСРО Халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойын мерекелеуге арналған шараға қатысуға Қазақстанның 18 өңірінен 18 жастан 35 жасқа дейінгі 39 қатысушы өтінім берді.
Аталған конкурста №1 балабақша-мектеп-интернатының арнайы кешенінің педагог-ұйымдастырушысы Айсана Қажыкенова бірінші дәрежелі лауреат атанып, көрермендердің көзайымына айналды.
"Айсана – ым-ишарамен және мәнерлі мимика арқылы әннің тереңдігі мен сұлулығын жеткізе білген талантты орындаушы. Оның конкурсқа қатысуы – өнердің тіпті сөздерді қолданбай-ақ тартымды және қолжетімді екендігінің жарқын мысалы", – дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Хасанова.
Сондай-ақ Айсана Қажыкенова мектеп-интернатта өскелең ұрпаққа ымдау тілінде ән айту шеберлігінен сабақ береді.