Пермь унивеситетінде оқитын қанша қазақстандық студент бары айтылды

0
459

20 қыркүйекте болған атыс салдарынан қазақстандық студенттердің ешқайсы зардап шекпеген.


Пермь унивеситетінде оқитын қанша қазақстандық студент бары айтылды

ERNUR.KZ. 20 қыркүйекте 18 жастағы студент атыс шығарған Пермь мемлекеттік университетінде 22 қазақстандық студент оқиды. Олардың ешқайсы оқиға кезінде зардап шекпеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ведомство мәліметінше, қазақстандық студенттердің ешқайсы елшілікке жүгінбеген.

«Біздің ақпарат бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ», - делінді ведомствоның баспасөз қызметінен.

20 қыркүйекте Пермь қаласындағы ұлттық зерттеу университетінде атыс болды. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, атыс салдарынан кемінде алты адам қаза тапқан және 20-дан астам адам зардап шеккен.

Университетте болған атысты Тимур Бекмансуров есімді Перм қаласының тұрғыны өз мойнына алған.