2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. ШҚО Экология департаменті "СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы" ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді, деп жазады tengrinews.kz.
Тексеру нәтижесінде, экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталған - ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану деректері.
2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Аталған қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды. Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысы бойынша, ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірді, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.