Науқастардың 75 пайызы вакцина алмаған.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Қазақстанда Еуропалық иммунизация апталығы басталды. Бағдарлама 21 түрлі инфекцияға қарсы вакциналауды көздейді, деп жазады zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде соңғы кездері қызылша ауруының өршуі байқалды.
Эпидемиологтар сырқаттанудың өсу себебін көптеген балалардың жоспарлы профилактикалық екпелерді алмағанымен байланыстырды.
Сондай-ақ көкжөтел жұқтырғандардың 87 пайызы екпе салдырмаған.
Бірақ қазір қанша адам қызылша мен көкжөтелден емделіп жатқанын министрлік өкілдері нақтыламады.