Есіл өзенін бойындағы Тоқсан би бекетінде су 62 см көтерілді.
ERNUR.KZ.Петропавлда Есіл өзені ернеуінен шығып, тасжолға жайылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазіргі таңда Челябі – Новосібір бағыты бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылып, полицейлер күні-түні кезекшілік етеді. Сондықтан жүргізушілер уақытша айналма жолмен қатынайды. Бұл аумақты жылда су басады. Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері күн суық болады. Ал келесі апта ауа райы жылынады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Сергеевка су қоймасы үстімен ағып жатқан судың деңгейі – 76 сантиметр. Көктемгі тақсынға байланысты төтенше жағдай қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесінде жұмыс істеп, жағдайды күні-түні бақылап отыр. Қымбат Мерғалымова,
«Қазгидромет» МКК СҚОФ директоры:
– Қазір Ақмола облысындағы Жабай және Қалқұтан өзендерінің суы келіп жатыр. Есіл өзенін бойындағы Тоқсан би бекетінде су 62 см көтерілді. Сергеев су қоймасы 113 процентке толған. Болатбек Айтбаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ СҚОФ директоры: – Бұл жолды су баспау үшін құбыр салу мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір жоба құны есептеледі. Құрылыс жұмысы келесі жылы басталады.