Теміржол басшылары жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін жұмыстан қуылды

0
1 410

Вагондардың тазалығына жауапты мердігерлерге 3 млн теңге , төсек-орын жабдығына жауапты мердігерлерге 8 млн теңге айыппұл салған


Теміржол басшылары жолаушыларды билетсіз тасымалдағаны үшін  жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. 2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның лауазымды қызметкерлері сапар барысындағы 7 мыңға тарта пойызды тексерген, деп жазады ҚазАқпарат.

7 мыңға тарта тексеру жұмысының қорытындысы бойынша 400 жағдайда жолаушылардың билетсіз жүргізу фактісі тіркеліп, тасымалдау, қызмет көрсету стандартының және вагондардың экипировкасы ережелерінің бұзылуына қатысты 3 мың хаттама толтырылған.

«Мұндай жағдайларды анықтау және ескерту ең алдымен - біздің мүддеміз. Компанияның мұндай бұзушылықтарға жол берген қызметкерлері қатал жазаланады. Олар тәртіптік жазадан бастап жұмысынан да айырылып қалуы мүмкін. Мәселен, 2018 жылдың 8 айының ішінде 145 қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 63 адаммен еңбек шарты бұзылған. Нақтырақ айтқанда, еңбек шартын бұзу жағдайына 8 пойыз бастығы тап болса, 10 пойыз бастығының лауазымы төмендетілген», - деп хабарлайды Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар, тексеру қорытындысына сәйкес компанияның мердігерлеріне айыппұл санкциялары салынған. Мәселен, вагондардың тазартылуы мен жуылуы қызметіне жауапты мердігерлерге 3 млн теңге айыппұл, төсек-орын жабдығына жауапты мердігерлері 8 млн теңге айыппұл арқалаған.

Көліктегі ІІД қызметкерлерімен бірге тұрақты түрде ірі темір жол вокзалдарында рейдтер жүргізіліп тұрады. Қызметкерлер билеттерді қайта сату жағдайларының жолын кесіп, 9 айдың ішінде 31 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.