Полицейлер Қазақстан азаматтарына тағы ескерту жасады

0
178

Қаскөйлер адамдардың сеніміне кіріп, жедел әрекет етуді талап ететін бірнеше түрлі схемаларды қолдану арқылы жеке деректер мен ақшалай қаражатты иемденуді көздейді.


Полицейлер Қазақстан азаматтарына тағы ескерту жасады

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Алаяқтар өзін әртүрлі қызметтердің - курьер, дәрігер немесе мекеме қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдау әрекеттерін жалғастырып жүр, деп жазады informburo.kz.

Полиция мәліметінше, қаскөйлер адамдардың сеніміне кіріп, жедел әрекет етуді талап ететін бірнеше түрлі схемаларды қолдану арқылы жеке деректер мен ақшалай қаражатты иемденуді көздейді.
"Ең кең таралған алаяқтық әдістердің бірі – азаматтарға пошта қызметінің курьерлері, медициналық мекемелердің дәрігерлері немесе энергетикалық компания қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу. Сонымен қатар басқа да түрлі мекемелердің қызметкерлері ретінде көрініп, адамдарға шұғыл шешім қабылдау қажеттілігін ұғындыру арқылы алдауды мақсат етеді. Мұндай жағдайларда алаяқтар қызмет көрсету процесін растау үшін азаматтан SMS арқылы келген хабарламаның кодын жазып жіберуді сұрайды. Алайда бұл код іс жүзінде жәбірленушінің банктік шотына қолжеткізу үшін қаржылық операцияларды растауға арналған", – дейді Павлодар облысы Полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.
Келесі кезеңде жәбірленушіге "банктің қауіпсіздік қызметкерлері" хабарласып, біреудің оның атына несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтады. Өз қаражатын қорғау үшін алаяқтар "қауіпсіз" әдіс ретінде жәбірленушіге несиені өзі рәсімдеуді және ақшаны арнайы "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынады.

Нәтижесінде, жәбірленуші алаяқтардың алдын ала белгісіз шоттарына қаражат аударуға итермеленіп, үлкен қаржылық шығынға ұшырайды.