Полиция генерал-майоры қамауға алынды

0
548

Полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубек ұсталды.


Полиция генерал-майоры қамауға алынды

ERNUR.KZ. Халықұлы Жайлаубек жемқорлыққа барды деген күдікке ілінді, деп жазады inbusiness.kz.

"А.ж. 23 мамырында Антикоррупциялық қызмет 10.07.1963 ж.т., полиция генерал-майоры Халықұлы Жайлаубекті ұстады, 2009-2016 жылдары Алматы және Ақмола облыстарының Ішкі істер департаменттерін басқарған. Ол соңғы қылмыстық істі тоқтатқаны үшін "К" азаматынан алдау арқылы ақша мен мүлкін алды деп күдіктенеді",- деп жазылған хабарламада.

Күдікті сол күні ұсталып, Алматы қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынған.

"Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды",- делінген хабарламада.