Полиция Шерзаттың әкесіне қоқан-лоқы көрсеткендерге қарсы қылмыстық іс қозғады

0
233

Ішкі істер министрлігінің өкілдері қоқан-лоқы бойынша жәбірленуші тараппен сөйлескен.


Полиция Шерзаттың әкесіне қоқан-лоқы көрсеткендерге қарсы қылмыстық іс қозғады

Фото: Видеоданскрин/Бауыржан Әленов

ERNUR.KZ. Арнайы брифингте Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов қаскөйлердің қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзаттың әкесі мен жақындарына қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытқандарға қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп жазады stan.kz.

“Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында әділ тергеу жүргіземіз”, – деп уәде берді ведомствоның ресми өкілі.

Бауыржан Әленовтың айтуынша, Ішкі істер министрлігінің өкілдері қоқан-лоқы бойынша жәбірленуші тараппен сөйлескен. Осыған қатысты 15 қазан, яғни бүгін жауап алу жоспарланды. Жауап алу барысында Шерзаттың әкесі Қаржаубайға кімнің қоқан-лоқы жасағаны анықталмақ.

“Әкесімен, адвокатпен жеке кездескенде ол “Иә, маған, менің жақындарыма біреулер келген болар” деп айтты. Бірақ ол кімнің нақты келгенін айтпады”, – дейді Бауыржан Әленов.