Президент әкімдерге тапсырма берді

0
637

Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды.


Президент әкімдерге тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге ахуалды қатаң бақылауда ұстап, карантин шараларын сақтаудың маңыздылығы мен халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.


"Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады. Олардың айтуынша, коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған. Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды", - деп жазады Берік Уәли.