Президент "Goldman Sachs" компаниясының президенті Дэвид Соломонмен кездесті

0
724

Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясымен Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға ниетті.


Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясының президенті Дэвид Соломонмен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Дэвид Соломонға компаниясының Қазақстандағы жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға қатысқаны, сондай-ақ, 2018 жылы АХҚО биржасы акционерлерінің қатарына кіргені үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Goldman Sachs" компаниясымен ынтымақтаса отырып Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, АХҚО-мен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуына жәрдемдесу мәселелерінде тығыз жұмыс істеуге ниет білдірді.